Бір ғалым медицина саласында өте маңызды жаңалық ашқан еді. Бір газеттің хатшысы репортаж алып жатып оған қалай қарапайым отбасынан шыққан адамнан өте ерекше жаңалық ашқан ғалым жетілгенін сұрайды. Жас ғалым оған былай деп жауап береді:
- Екі жасар кезімде анаммен болған тәжірибемнің арқасында осындай жетістікке жеттім. Ол былай болған еді:
Сөреден су шөлмекшесін алып жатқанымда шөлмекше қолымнан тайып жерге түсті. Айнала су көлшігіне айналды. Анам асханаға кіргенінде маған ұрсудың немесе жазаландырудың орнына жылы сөзбен:
- Балам не деген әдемі қателік жасадың! Айнала су көлшігіне айналыпты. Иә, болар іс болды. Енді екеуміз мына жерді тазаламастан бұрын жердегі сумен кішкене ойнағың келе ме?
Мен иіліп едендегі сумен біраз ойнадым. Сәлден кейін анам келіп тағы да жылы сөзбен:
- Балам! Мұны сен төккендіктен, сенің тазалуың керек екенін білесің ғой. Шүберекпен сүртеміз бе әлде губкамен бе? Қайсысын қалайсың?
Мен губканы таңдадым. Біз бірге жерге төгілген суды құрғатып сүртіп алдық. Одан кейін анам маған мынадай ұсыныс жасады:
- Білесің бе балам, бұл болған жағдай сенің кішкентай ғана қолдарың су шөлмекшесін көтере алмауынан болды. Қазір бақшаға шығайық және шөлмекшені суменен толтырып сенің су толы шөлмекшені түсірмей алып жүруіңді үйренейік...
Мен шөлмекшені мойнынан екі қолыммен ұстасам түсірмей алып жүре алатынымды үйрендім...
Бұл танымал ғалым сол күні қателік жасаған кезде бұдан қорықпау керектігін үйренген еді. Жасалған қателіктің жаңа нәрселер үйрену үшін жақсы мүмкіндік екенін тоқып алған болатын.
Қорыта айтқанда қателік жасаудан қорықпау керек. Ілгерілеу жолында кедергілер, қателіктер шығуы қалыпты нәрсе. Дамымайтын, әрекеттенбейтін адам ғана қателік жасамайды, сәйкесінше ілгерілемейді де. Маңыздысы қателіктен сабақ алып, келесі жолы дәл сол қатеге жол бермеуге, алдын алуға тырысқан жөн.