Хазреті Әбу Бәкір алғаш иман келтірген ер адам және мұсылмандардың алғашқы халифасы. Жәннатпен сүйіншіленген он адамның біріншісі. Пайғамбарлардан кейін адамзат ішіндегі ең үстемі. Пайғамбарымыз алейһиссаламның қайын атасы, хазреті Айшаның әкесі.
Хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһтың ең жақын досы еді. Пайғамбарымыздың жанынан ешқашан ажырамайтын. Хижретте (Меккеден Мәдинаға көшу кезінде) оның жол серігі болды. Үңгірде бірге болды. Барлық соғыстарда расулуллаһ алейһиссалам мен бірге болды. Бір мәселеде Асхаби кираммен ақылдасып жатқанда хазреті Әбу Бәкір оң жағында, хазреті Омар сол жағында отыратын еді. Талқыланатын мәселе жөнінде алдымен осы екеуінің пікірін, көзқарасын сұрап, кейін басқа сахабалардың пікіріне құлақ салатын еді.
Аяттармен мадақталды. Құран кәрімді алғаш рет кітап ретінде топтастырды. Асхаби кирамның арасында ең үлкен ілімге ие болғандардың бірі еді. Әр ілімнің жетік маманы болды. Ислам ілімдерінің барлық мәселелерін білетін еді. Шынында Расулуллаһ Ол жайында «Кеудемдегі марифеттердің, мәліметтердің бәрін Әбу Бәкірдің кеудесіне құйдым» деген.
Пайғамбарымыздың соңғы ауруында үш күн имам міндетін атқарып, он жеті уақыт намаз оқытқан, үш уақытында пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірге ұйып, оның артында намаз оқыған.
Пайғамбарымыз қайтыс болған күні халифа болып сайланды. Халифалығы 2 жыл, 3 ай, 10 күн жалғасты. 63 жасында хижреттің 13 (григоряндық 634) жылы Жәмазиәл-ахир айының жетісінде, дүйсенбі күні ауырып, 15 күн науқас болып жатқаннан кейін қайтыс болды. Жаназа намазын хазреті Омар оқыды. Пайғамбарымыздың қасына, «Хужрә-и Саадәтке» жерленді.
Хадис шәрифтер
Хазреті Әбу Бәкірдің үстемдіктерін білдіретін хадис шәрифтердің бірнешеуі төменде:
«Әбу Бәкір – адамдардың ең үстемі. Бірақ пайғамбар емес» (Дәйләми).
«Әбу Бәкірді жақсы көру және оған рахмет айту әр мүминге уәжіп» (Дәйләми).
«Аллаһу та'ала Әбу Бәкірге "Сыддық" есімін берді» (Дәйләми).
«Әбу Бәкірдің иманы, бәрінің имандарының жиынтығымен салыстырылса, бәрінен де ауыр басады» (М.Ч.Гузин).
«Әр пайғамбардың досы бар. Менің досым – Әбу Бәкір» (Дәйләми).
Хазреті Әбу Бәкірдің құнды насихаттары:
«Тақуалық – ақылмен орындалатын істердің ең жақсысы. Хаққа дұшпан болу – ақымақша жасалған істердің ең жаманы. Берілген аманатты сақтау ең үлкен дұрыс іс саналады. Ал қиянаттың ең басында өтірік келеді».
«Өлімді өзіңе жақсы көргіз. Ол қалай болса да келеді».
«Өмірін пайдасыз, бос нәрселермен өткізген адам егістікке ұрық шашу уақытын өткізіп алған болады. Ал уақытылы ұрық екпеген адам егінді жинау уақытында өкінеді».
«Не сөйлейтініңе және қашан сөйлейтініңе мән бер!».
«Ей, адамдар, Аллаһтан кешірім мен афиет сұраңдар. Өйткені мұсылманға Исламнан кейін кешірім мен афиеттен қайырлырақ болатын ештеңе берілмеген».
«Мұсылмандардан ешбірі өзгені төмен көрмесін! Өйткені мұсылмандардың кішісі Аллаһтың жанында үлкен».
«Аллаһу та'аладан қиямет күні тозақ отынан қорғалуын сұраған адам мүминдердің алдында өте мейірімді және сезімтал болсын!».
«Біліп қой, таң намазын оқыған адам Аллаһтың қорғауында. Аллаһтың хаққын кішімсінбе, өйткені етбетіңмен сені тозаққа лақтырады».
«Үш түрлі мінез кімде бар болса оның зиянына. Бұлар: Сөзінде тұрмау, алдау және зұлымдық жасау».
«Аллаһу та'алаға деген таза сүйіспеншіліктің ләззатына жеткен адам дүниеліктен бастартады және бүкіл адамдардан бетін бұрады».