Жібек жолы

Жібек жолы – Қытай мен Орта Азия қалаларын Жерорта теңізі елдерімен байланыстырып, ғасырлар бойы осы өңірлер арасында тауар және мәдениет алмасу процесінде маңызды рөл атқарған керуен жолы.

Ең көп тасымалданған тауар жібек болғандықтан «Жібек жолы» деп аталған. Б.з.д. ІІ ғасырдан басталған Жібек жолы Азия мен Еуропаны байланыстырған мәдени көпір қызметін атқарды. Оның Қазақстан жерін кесіп өткен кезеңінде (VI ғасырдан бастап), екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан ары қарай Батыс елдеріне өткен.

Жібек жолы арқылы Қытайдан жібек, азыққа қосылатын дәмдеуіштер, қағаз, метал, фарфор өнімдері, жеміс-жидек, азық т.б. өнімдер тасымалданды. Орталық Азияның қол өнер, зергелік бұйымдары, алтын, күміс, асыл тастар, жылқылар мен кілем, мата, тері өнімдеріне Қытайда сұраныс жоғары болатын. Тауарлар межелі жерге жеткенге дейін ондаған қолдардан өтіп тасымалданды. Яғни тауарлар мен технологиялар ұзақ жолдардан өтіп, ал адамдар өзгеріп отырған. Жібек жолының Еуропаға жеткенге дейінгі басым жолдар түркі елдерінен өтетін, сондықтан бұған түркі жолы деп атау бергендер де кездеседі. Жібек жолы мәдениет тарихында үлкен маңызға ие болды. Осы жол арқылы білім-танымдар, өнер-табыс, әдет-ғұрыптар жаңғырып отырған. Жібек жолы өткен өңірлерде үлкен қалалар, өркениеттер қарқынды дамыған. Батысқа, яғни Еуропаға Жібек жолы арқылы қағаз, компастың келуімен теңіз жолы қалыптаса бастады. Осыдан кейін еуропалықтар кеме арқылы Қытай, Үндістанға қатынап, ол ұзақ уақыт алып, құрлықтардан өтетін жібек жолы бәсеңдей берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!