630 жылы Қытаймен болған соғыстардың бірінде көктүріктер жеңіліп, 630-680 жылдары аралығындағы 50 жылдық уақыт, көктүріктердің (Түрік қағанатының шығысының) тәуелсіздігінен айрылған, қайғылы кезең болды.
Орта Азиядағы ұлт ретінде түркі тайпалары өз болмыстарын, тілін, дінін, әдет-ғұрыптарын қаншалықты сақтаса да, тәуелсіз ел болудан махрұм қалып және көктүріктердің намысын келтіретін қиын кезең болатын. Сол кезеңдерде кейбір түркі ханзадалары мезгіл-мезгілімен төңкеріс жасаса да, барлығы қанды қырғынмен бастырылды. Бұл әрекеттердің арасындағы ең елеулісі 639 жылы Көктүрік ханзадасы Күршадтың (Чулук қағанның ұлы) жасаған көтерілісі еді. Тарихтардан белгілі болғанындай түркі халықтары өте жауынгер халық болатын. Осы себепті қытайлықтар тұтқынға түскен түркілердің тектілерін әскерлеріне қолбасшы етіп тағайындайтын. Таң империясының сарай қорғанысы әскери бөлімінің қолбасшыларынан болған Күршад, Түркі қағанатын қайта жандандыру үшін 39 досымен, кейде түнде қалада серуендеуге шығатын Қытай императоры Тай Цуңды тұтқынға түсіруді көздейді. Осы арқылы сарайға кіріп Күршадтың ағасының баласы Урку Тігінді құтқарып, түркі тұтқындарынан жинай алғанша қол жинап Өтукен қаласына барып қайта мемлекет құруды, Урку Тігінді қаған сайлауды жоспарлайды.
Бірақ жоспардың іске асатын түні, кенеттен дауыл басталып, толассыз жауған жаңбырдың кесірінен император сарайдан шықпайды. Қабылданған шешім кейінге қалса, өз орындарын тастап шыққан түркілердің жоспары ашылатындықтан, мұны қатерлі деп білген Күршад және оның достары сол сәтте тура сарайға қарай бет алады. 40 көктүрік жастары сарайды иеленіп, бас қалаға үстемдік етуді ойлаған еді. Алайда жүздеген сарай сақшыларын жеңіп өткенге дейін көмекке шақырылған мыңдаған әскерлер келіп үлгереді. Кейін Императорды қолға түсіру мүмкін болмағанын түсінген түркілер сарай қорасына беттеп аттарға мініп Өтукенге қарай қашады. Бұл кезде бұлардан 13 сарбаз қалған еді. Вей өзеніне жеткенде жел мен тасқын көпірді шайып кеткенін көреді. Өзен жағасында Қытай әскерімен қайта ұрысқа кірген Күршад пен оның достары сол жерде біртіндеп ажал құшады.
Ханзада Күршадтың басшылығындағы қырық жігіт сәтсіздікке ұшыраса да, түркі халқының жүрегінде өшпестей етіп тәуелсіздік отын жақты. Бірнеше нәтижесіз қалған төңкерістерден кейін, ақыры 682 жылы Көктүрік ханзадасы Құтлұғ Шад айналасына жинаған түріктерімен тәуелсіздікті
жария етті. Ыдырап кеткен тайпаларды біріктірді. Сол себепті Илтериш (Ел жинаған) деген атақты иемденеді. Кейін Қытай ханшайымымен емес, бір түрік қызымен үйленіп, одан Білге мен Күлтегін есімді екі ұл дүниеге келеді. Бұл екеуі бірігіп, билікті қолға алады. Білге қаған, ал Күлтегін әскер қолбасшысы болды. Осылайша түрік тарихында алғаш рет екі бауыр ел тізгінін бірге ұстап, еш қызғанышсыз бір-біріне демеу болды. Білге қаған мен Күлтегін ішкі және сыртқы бүкіл қауіп-қатерлердің барлығын жойды. Шығыс Византия империясы көктүріктерге елшілер жіберіп жақсы қарым-қатынас құрды. Сол дәуірлері Көктүрік мемлекеті азияда жоғары мәртебеге ие болды. Күлтегін қайтыс болғанда үлкен жаназа рәсіміне Қытай, Тибет және Иран елдерінің өкілдері қатысты. Қытай империясы бұл қаһарман дұшпанына естелік ретінде қытайда үлкен ескерткіш жасатты.
Құтлығ қаған дәуірінің ең маңызды туындысы – Орхон жазбалары болып табылады. Бұлар 725-735 жылдары аралығында орнатылған үш тас ескерткіш. Олар Орхон өзенінің жағасында орналасқан. Қазір Моңғолия шекараларының ішінде қалған. Бүгінгі Моңғолия түріктердің ата
жұрты болып табылады. Ал моңғолдардың негізгі отаны солтүстік шығыс жағында еді. Дүниенің көне және керемет алфавиттерінің бірі болған және оңнан солға қарай жазылатын 38 әріпі бар көктүрік жазуымен жазылған. Бұл ескерткіште Білге қаған мен бауыры, бас қолбасшы Күлтегіннің және Білге қағанның қайынатасы және уәзірі Тоныкөктің кезінде Қытайдың қармауына түскен түрік мемлекетін жаңадан өркендету үшін жасаған еңбек-жігерлері түсіндірілген және болашақтағы түрік ұрпақтарының осы тәжірибелерден пайдаланылуы меңзелген. Сонымен қатар мұнда тәуелсіздік пікірі тоқылған. Бұл жазбалардағы белгілер жарқын ұлттың даналығының бейнесі болып табылады. Жазбада қаған өзін халқының азаматы ретінде халқына есеп беруде. Сонымен қатар халқына жасаған қателері себепті ақылгөй әкедей ескерту жасауда.