Қартаймайтын бактерия

 

Якутияның Мамонт тауы етегіндегі мұздықтардан Bacillus F атауы берілген 3,5 миллион жылдық бактерия анықталды. 2009 жылы осы жаңалықты ашқан ғылыми топтың жетекшісі МГУ профессоры Анатолий Брушков 4 жыл бойы жүргізген зерттеулерінде бактерияның жасушаларды жасартатын және иммунитетті қуаттандыратын ерекшеліктері барын анықтады. 2012 жылы жасаған зерттеулерінде лабараториялық тышқандарды тестілеу арқылы бұл мәлімдемесінің дұрыс екенін дәлелдеген Брушков 3 жыл бұрын бактерияны өзіне сынап көріпті. Ақпарат құралдарына берген сұхбатында Анатолий Брушков өзіне жасаған зерттеуінің әсерін былай баяндайды: «Бактерияны қабылдағаннан кейін бұрыңғыдай шаршамайтын болдым. Көбірек жұмыс істей бастадым. Соңғы екі жылда ауыру былай тұрсын, тіпті тұмауға да шалдықпадым. Бірақ бұл мені қызықтыратын нәтиже емес деп ойлаймын. Егер біз бұл ерекше клетканың механизмін, қалайша қартаймайтынын анықтай алсақ, міне сонда бұл ресурстарды дұрыс қолданып, өмір жасты мейлінше ұлғайтуға бағыттар едік.» Брушков Якутиядағы жергілікті халықтың ұзақ өмір сүруінің сыры осы бактерияларда деп санайды. Еріген, сынған мұздықтардан шыққан бактериялар қоршаған ортаға таралып, су, көлдер, су желілері арқылы жергілікті халыққа болымды әсер ететіндіктен бұл бактериялардың пайдасы болмаса зияны жоқтығын есептейтінін мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!