Өте салих (діндар, жақсы) адам жұма күні үйде ұн қалмағандықтан есегіне бидай артып, диірменге қарай жолға шығады. Диірменге келіп, қапты түсіріп жатқанында есегі қаша жөнеледі. Есегін іздейтін болса жұма намазына кешігетіндіктен «Cен қайда барсаң онда бар, мен Раббымның әмірінен шықпаймын, тікелей жұма намазына барамын» деп мешітке қарай бет алады. Жұма намазынан шығып қайтып келгенінде, диірменнің айналасынан есегін таппайды. «Мен үйге барып аздап тынығайын, кейінірек іздеуге шығармын» деген оймен үйіне қайтады. Үйіне жақындағанда есегінің дауысын естиді. Әйеліне: «Есек үйге қайдан келді?!» деп сұрайды. Әйелі: «Өй отағасы, айтсам адам нанғысыз, бағана жүрегім жарылардай қатты қорықтым. Бір арыстан есекті алдына салып үйге дейін қуып келді, мен қорыққанымнан үйге қашып тығылдым. Терезеден қарағанда арыстанның қайтып кеткенін көрдім» дейді. Куйеуі таң қалады. Әйелі: «Отағасы, қарныңыз ашқан шығар! Ыстық нан пісіріп қойдым, жеп алыңыз» дейді. Күйеуі тағы таңданып: «Үйде ұн жоқ еді ғой, ұнды қайдан алдың?!» деп сұрайды. Әйелі: «Көршіміз диірменге барған екен, қателесіп біздің ұнды алып кетіпті, қателігін аңғарғанында үйге әкеліп берді. Тағы бір айтарым бар, көршіміз бақшасын суарып жүріп арық тасып, біздің бақша да суарылыпты!» дейді. Әлгі кісі бұларды естігеннен кейін қолдарын жайып дұға етеді: «Йа Раббым! Мен сенің бір ғана әміріңді орындадым, сен болсаң менің үш тірлігімді бітірдің. Қанша шүкір етсемде аз. Саған сансыз шүкірлер болсын!».
Жұмаларыңыз мүбарак болсын!