- Суды отырып және үш жұтыммен ішкен жағдайда су тіл мен ауыз қуыстарында ұзақтау қалатындықтан сілекей бездері үшін қажетті су сіңіріліп, антибактериалды және антиоксидант әсерге ие сілекейдің бөлінуі артып ауыз бен тіс саулығына болымды әсер етеді.
- Тағамды тұзбен бастау сүннет. Тағамды тұзбен бастағанда ми тарапынан асқазанға ескерту жіберіліп, ас қорытылуын жеңілдететін мукус деп аталатын қабат түзіледі. Осылайша асқазан қорытуға дайындықсыз қалуының алды алынады.
- Жерге отырып тамақтанғанда сол аяқты жерге жинап, ал оң аяқты қарынға тигізіп тік жинап отырғанда үрленген шардай болған асқазанның бір бөлігі жиырылып, желінген азықтың ішек жолдарына өтпей, тойғандық сезімі ерте берілуі арқылы көп жеместен тұруға мүмкіндік береді. (Бұлай отыру сүннет).
- Ұйықтарда оң жақ қырмен жатқанда сол жақтауда қалған жүректің жұмысы жеңіл болатындықтан жүректі шаршатпай тынығуға себеп болады.
- Әжетханаға сол аяқпен кіргенде жер тайғақ болған жағдайда сол аяққа қарағанда мықты болған оң аяқ арқылы құлаудың алдын алуға болады.
- Моншадан шығарда аяқтарға салқын су құю қан айналымына оң әсер етеді.
- Күніне бірнеше рет мұрынға су алып тазалау психикалық келеңсіздіктің алдын алуға пайдалы келеді.