Бір күні сахабалар хазреті Әлидің мәртебесін білу үшін пайғамбарымыздан былай деп сұрайды:
- Йа, Расулаллаһ! Хазреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?- дейді. Сонда пайғамбарымыз:
- Олай болса Әлиді шақырыңдар!- дейді.
Біреуі Хазреті Әлиді шақыруға кетеді. Қалғандарынан пайғамбарымыз былай деп сұрайды:
- Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса, не істейсіңдер?
- Жақсылықпен жауап береміз.
- Қайталап жамандық жасаса, тағы жақсылық етесіңдер ме?
- Иә, Жақсылық етеміз.
- Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?
Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты. Хазреті Әли келгенде пайғамбарымыз одан да дәл осы сұрақтарды сұрады:
- Ей, Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?
- Жақсылық жасаймын,- деп жауап береді хазреті Әли. Пайғамбарымыз жеті рет сұрағанында да осы жауапты алды.
- Бәрібір жақсылық етемін Йа, Расулаллаһ! Әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы,- дейді.
Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып пайғамбарымызға былай деді:
- Йа, Расулаллаһ! Хазреті Әлиге неліктен мұншама сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік. Біз де оны қатты жақсы көреміз...