Арыс халқына көмек

Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында 24 маусым күні таңғы 09:30 шамасында өрттің салдарымен жарылыс орын алып, ұшқан оқ дәрілер қалаға едәуір мөлшерде зақым келтірген болатын. Төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар шұғыл түрде Шымкент қаласы мен жақын маңдағы аудандарға эвакуацияланды.  

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын аралап, одан кейін эвакуациялық бекеттердегі халықпен кездесті. Мемлекет басшысы халыққа қажетті барлық көмек түрі көрсетілетінін және кінәлілер анықталып жазаланатындығын мәлімдеді.   

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев жарылу қаупі бар 500-ден астам жарылғыш заттардың залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Ресми деректер бойынша 3 адам қаза тауып, 170 адам жарақат алған. 28 маусым таңғы 6-дан бастап Арыс тұрғындарына үйлеріне қайтуына рұқсат берілді.  

45 000-ға жуық тұрғыны бар Арыс халқына мемлекет тарапынан және ел жағдайын елеусіз қалдырмайтын отандастар тарапынан жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілуде.

Арыс қаласындағы осы төтенше жағдайға байланысты «Аура Қазақстан» компаниясы мен «Түркістан мәдениет қоры» тарапынан 7 тонна азық-түлік, гигиена құралдары және өзге де қажетті заттар Арыс халқына таратылды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!