Республикалық маңызы бар 1600 шақырымдық автожол жөнделеді, деп жазады akparat.com сайты.
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2019 жылы «4400 шақырым жолды салу және жөндеу жұмыстары болатынын» мәлемдеді.
«Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Ресей Федерациясының шекарасына дейін құрылыс жұмыстары басталады. Жыл соңында қайта жаңғыртылған 654 шақырым автожол қозғалысын ашу жоспарлануда. Астана-Павлодар, Щучинск-Зеренді, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Жетібай-Жаңаөзен жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталатын болады», - деді министр.
2019 жылдан бастап жергілікті жолдарды жақсарту, қайта салу мақсатында қосымша қаржы бөлінеді. Автожолдардың сапасын жақсарту мақсатында қазынадан бөлінетін қаржы 200 миллард теңгеге артып отырады.
Бұл жайлы министр:
«Осындай қарқын келесі жылдарда да сақталады. Бұл 2025-ші жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95% жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсаратуға мүмкіндік береді», - деген мәлемдеме жасады.