«Qazaq Air» халықаралық бағытта жолаушы тасымалдайды

«Qazaq Air» әуе компаниясы халықаралық бағытта жолаушы тасымалдайды, деп хабарлайды akparat.com сайты.

Бұл ақпарат Азаматтық авиация комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Азаматтыз авиация комитеті:

«Конкурс комиссиясының «Qazaq Air» әуе компаниясы өтініштерін қарауы нәтижесінде компанияға халықаралық әуе бағыттарына ұшуға рұқсат куәлігі берілді. «Qazaq Air» әуе компаниясы халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыруды жоспарлап отыр», - деген мәлімдеме жасады.

Әуе компаниясының алғашқы халықаралық рейсі 21 наурыз күні Алматы – Бішкек бағытында болмақ. Сондай-ақ, «Qazaq Air» ұшақтары аптасына 2 рет көршілес мемлекеттерге қатынайды.

«Qazaq Air» әуе компаниясы ұсынатын халықаралық әуе рейстері:

Алматы - Бішкек - Алматы;

Алматы - Ош - Алматы;

Атырау - Астрахан - Атырау;

Атырау - Минеральные Воды - Атырау;

Атырау - Тбилиси - Атырау;

Ақтау - Тбилиси - Ақтау;

Ақтау - Грозный - Ақтау;

Өскемен- Новосібір - Өскемен.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!