А.Мамин: 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Премьер-министр Асқар Мамин жоспардағы негізгі міндеттер жайлы айтты, деп жазады akparat.com сайты.

Үкімет басшысы «Жеті жылдан кейін Қазақстанның импорты 59 %-тен 37 %-ке азаяды, сәйкесінше отандық тауарлардың көлемі артады» деген жоспармен бөлісті.

Сондай-ақ:

«2019-2025 жылдары аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл - аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», - деген мәлімдеме жасады.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!