5 наурыз – Әлихан Бөкейханның туған күні

Бүгін Әлихан Бөкейханның туған күні, деп жазады akparat.com сайты.

Әлихан Бөкейхан  1866 жылы Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында дүниеге келді.

Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін Қарқаралыда үш жылдық училищеде оқиды. 16 жасында Омбы техникалық училищесіне, 20 жасында Петербордағы шаруашылық институына оқуға қабылданды.

Әлихан Бөкейхан «Алаш» идеясын құрып, жанына қазақ зиялыларын топтастырды. Осылайша «Алаш» партиясы құрылған. Кейінірек жеке автономия ретінде «Алаш» үкіметін құрды. «Алаш» идеясын жақтаушылармен «Қазақ» газетін жарыққа шығарып, «Алаш» үкіметтінің басылымына айналдырды.

Әлихан Бөкейхан 1937 жылы 27 қыркүйекте тұтқындалып, 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілді.

Әлихан Бөкейханның 153 жылдығы Республика көлемінде атап өтілуде.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!