Жасуша, адам, су, дүние, ғарыш, өсімдіктер мен жануарлар сияқты материяның құрылымы да жекелеген бір әлем болып табылады. Осынау кең өрісті, өте терең ғылыми әлемінің түбіне бойлаған сайын Жаратқанның құдіреті мен ұлылығының алдында ақыл нұқсан қалып, міндетін жүрекке тапсырады...
Атом: Әлемнің ең кішкентай құрылымы. Атомның ортасын құрайтын протонның айналасында белгілі орбитасы болады. Осы орбиталарда электрондар әрекет етеді. Бұл электрондардың саны атомға қарай өзгереді. Сутегінде біреу, қалғандарында жүздеп кездеседі. Электрон бір секунтта 2,5 миллиард рет ядроны айналады. Секундына 1000 км жол жүреді. Жаратылысынан бері миллиардтаған жыл осылай жалғасып келеді. Электрондардың ешқайсысы басқаларымен қиылыспайды, соғыспайды және бұзылмайды. Атомда электрлік теңдік бар. Электрлік заряд тең болмаса, барлық атом бір-бірін тебер еді. Яғни, әлемнің және жанды нәрселердің болмысы өте мұқият теңдіктермен жүзеге асқан.
Бірдей зарядты элементтер бір-бірімен тебіседі. Ал бір-бірін итеруі қажетті протондар мен атом ядросы бір жерде қалай бірге болады? Атом физигі ғалым В.Хейсенбергтің айтуынша «Протонға көрші болған нейтроннан негативті элемент шығады. Бұл элемент - мезон. Негатив заряд алған протон нейтрон болады. Негативті заряд жоғалтқан нейтрон протонға айналады. Бұл құбылыс атом ядросындағы барлық протондармен көрші нейтрондар арасында секундына миллиардтаған рет қайталанады. Осылайша, бір протонның жанындағы протонды итеруге уақыты болмайды. Атом ядросындағы протондар мен нейтрондар арасындағы мезон ауысымы бір сәт тоқтаса әлем сол сәтте, секундтың миллиардтан бір бөлігіндей аз уақыт ішінде жоқ болады».