Бір кісі және баласы тау бөктерінде серуендеп жүріп баласы шалынып құлайды. Ауырған жері жанына батқандықтан “Аххх!” деп айқайлап жібереді. Маңайдағы таудан “Аххх!” деген жаңғырық дауыс естігенінде бала таң қалады.
Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да “сен кімсің?” болып келеді.
Бұл жауапқа ашуланып “Сен қорқақсың!..” деп айқайлайды. Таудан келген дауыс “Сен қорқақсың!” деп жауап береді.
Бала әкесіне бұрылып сұрайды “Әке, не болып жатыр?” Әкесі “Балам тыңда және үйрен!” деп тауға қарап “Мен саған қайранмын!” деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да “Мен саған қайранмын!” деп келеді.
Әкесі қайтадан айғайлайды, “Сен өте әдемісің!..” Жауап тағы “Сен өте әдемісің” болып келеді. Бала қатты таңырқаулы, бірақ әлі де не болғанын ұқпаған болатын.
Әкесі оған түсіндіріп береді. Адамдар бұны жаңғырық деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе, алдымен өзің жақсы көр! Саған жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!
Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей. Біреуге еткенің алдыңнан шығады. Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы...