Түркістан облысында 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Өткен жылы Түркістан облысында 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды akparat.com сайты.

Түркістан облысында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Оған 69 мың 682 адам қамтылған. Сәйкесінше жылдық жоспар 10.1%-ға артқан.

Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласының 913 маманына 153,7 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілген. Сондай-ақ, 316 маман баспаналы болды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!