Жыр байқауына 50 000 оқушы қатысады

«Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырларын жатқа айту байқауы жарияланды, деп жазады akparat.com сайты.

Бұл жайлы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев:

«Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тариxи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиет оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Тариxи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну - басты талаптардың бірі» деп мәлімдеді.

Жарысқа 6-10 сынып арасындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Жыр байқауы республика көлемінде өтіп, 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатыспақ. Қатысушылар Марабай жыраудың «Қобылданды батыр» жырын айтып жарысады. Осылайша, 50 000 оқушы 107 беттік жырды жаттап «Гиннес» рекордтар кітабына енбек.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!