Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Михаил Билек 36 футболшыны тізімге қосты, деп жазады akparat.com сайты.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар Молдоваға қарсы өтетін жолдастық кездесуге қатысады.

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов (екеуі де - «Қайраттан»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»). 

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астанадан»), Айбол Әбікен, Нұрәлі  Әліп, Елдос Ахметов, Александр Соколенко, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы - «Қайраттан»), Дәурен Мәжитов («Атырау»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»). 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Бауыржан Исламхан (барлығы - «Қайраттан»), Юрий Перцух, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астанадан»), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия). 

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей), Сергей Хижниченко, Роман Муртазаев (екеуі де - «Астанадан»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобол»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Акмаль Бахтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Жоғарыда көрсетілген тізімдегі ойыншылардың кейбірі ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алып отыр. Олар: Дәрен Мәжитов, Карам Сұлтанов, Владислав Васильев және Акмаль Бахтияров. Одан бөлек Қазақстан құрамасында бір ойын өткізген Александр Меркельде араға біраз уақыт салып қайта шақырту алып отыр.

Құрамаға шақырту алынған футболшылар жайлы Михаил Билек:

«Тізімді менің қазақстандық көмекшілерім жасады. Әзірге ойыншылардың әл-ауқатын толығымен білмеймін. Жаттығу жиынында жақынырақ танысатын боламыз» деді.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!