Яссауи мен әл-Фарибиге арнап фильм түсірілмек

Яссауи мен әл-Фарабиге арнап фильм түсірілмек, деп жазады akparat.com сайты.

Түркістан облысында «Ахмет Яссауи» телехикасы, «Әл-Фараби» көркем фильмі және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» атты анимациялық туындылар түсірілмек. 

Аталған жұмыстар «Оңтүстікфильм», «Сақ» киностудиясында таспаланады. 

 («Отырарды қорғау» анимациялық туындының баннері).

Өткен жылы аймақта «Ордабасы бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдері және «Төле би» атты 10 сериялы тарихи телехикая түсірілді. Сондай-ақ, «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» мультфильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телесериалы жарық көрді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!