Түркістан қаласы 2025 жылға қарай 5 миллион туристті қабылдамақ, деп жазады akparat.com сайты.
Бұл ақпарат Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың алдында есеп берген туризм және сыртқа байланыстар басқармасының басшысы Олжас Шынтаевтың баяндамасында айтылған:
«Елбасының 29 қыркүйекте Түркістан қаласына ресми сапары барысында Түркістан қаласында мәдени-тарихи туризмді, Төле биде (Қасқасу) тау-шаңғы туризмін, Сарыағашта емдеу-сауықтыру туризмін дамыту тапсырылған. Жалпы жоспар бойынша 2025 жылға қарай Түркістанға 5 миллион турист келеді».
Өңір қызметкерлерінің мәлеметінше Түркістандағы 3 туристтік нысан әлемдік тізімге енген.
Ильяс Сәрсенбай.