Хабиб пен Конор жарыстардан шеттетілді

ММА өкілдері Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 9 ай спорттан шеттетілді, деп жазады akparat.com сайты.

(UFC 229 турнирінде болған жанжалдан көрініс).

Бұл шешімді Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) шығарды. Бұған себеп UFC 229 турнирінде қос спортшының және командаластарының арасында болған жанжал.

Атлетикалық комиссияның шешімі бойынша Хабиб пен Конор 9 айға спорттан шеттетілді. Одан бөлек ресейлік 500 мың, ирландиялық 50 мың АҚШ доллоры көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ, Хабибтің командаластары Зубайра Тухугов пен Абубакар Нурмагомедовтер де 25 мың доллор айыппұл төлейді. Және Зубайра 1 жыл көлемінде спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.

Аталған айыптаулар өткен жылдың қазан айынан бастап есептеледі. Демек, қос файтер жаз айларында октогонға қайта орала алады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!