Назарбаевтің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды akparat.com сайты.
Әр жылдың басында өтетін бұл шараға үкімет мүшелері, министрлік басшылары, 3 мегаполис пен өзге облыстардың әкімдері қатысуда.
Отырысты ашқан президент:
«Біз бүгін өткен жылдың қорытындысын шығарайық деп отырмыз. Былтыр істелген жұмыстар осы жердегі бәріміздің атқарған шаруамыздың нәтижесі. Барлық әкімдіктердің, министрліктердің, жалпы мемлекет қызметкерлерінің істеген жұмысы, оның ішінде мен де бармын» деді.
Аталған жиынның мақсаты – өткен жылды қорытындылап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағамдау.