Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 44-орында

Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 44-орында, деп хабарлайды akparat.com сайты.

Әлемдік «Global Finance» журналы қауіпсіз елдердің тізімін жасады.

Бұл тізім әскери қақтығыстар, экономикалық даму, табиғи апаттар секілді бірнеше критерийлерге байланысты түзілді.

Басылым мәлеметінше Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 44-орында (9.50). Алғашқы үштікке Исландия (6.16), Швейцария (7.01), Финландия (7.04) орналасқан. Аталған тізімде 128 ел қамтылған.

Тізімге бұрынғы постсоветтік елдер де енген:  Армения (62 орында), Тәжікстан (68), Әзербайжан (78), Қырғызстан (89), Ресей (108), Украина (116).

Рейтингте төменгі сатыларға: Венесуэла, Мали, Чад, Бангладеш, Колумбия, Пәкістан, Нигерия, Сальвадор, Гватемала, Йемен және Филиппин секілді мемлекеттер жайғасқан.

Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.
 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!