Кениялық атлеттер Қазақстан азаматтығын алды

(Қазақстан азаматтығын алған кениялық жеңіл атлеттер).

Кениялық жеңіл атлеттер Қазақстан азаматтығын алды, деп жазады akparat.com сайты.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ақпаратына сәйкес Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және болардың бапкері Кеннет Кепиего Ротич өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан азаматтығын алған. Федерация басшылығы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына (IAAF) аталған спортшыларға спорттық азаматтық беру бойынша құжат рәсімдеуде.

(Қазақстандық және кениялық спортшылар ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолынан марапат алуда).

Халықаралық ұйым келісім беріп, азаматтықты растаса 4 спортшы және олардың бапкері жарыстарға Қазақстан құрамасы атынан сынға түсетін болады. Ал елішілік турнирлерде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Қазіргі таңда олар «Алтай атлетикс» (ШҚО) командасының мүшелері.

Жеңіл атлеттердің рейтингі жайлы федерацияның ресми жауабында:

«IAAF рейтингіне сәйкес қазіргі уақытта Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру бойынша 2-орында тұр, ал Каролин Кипкируи 5000 метрге жүгіруден 8-орында, 10 шағырымға жүгіруден 1-орын, 3000 метрге жүгіруден 2-орында. Өз кезегінде Дэйзи Джэпкимэй 3000 метрге жүгіруден 10-орында» делінген.

Атлеттердің жетістіктеріне тоқталып өтсек:

(Атлет Норе Джируте жарыс барысында).

Норе Джируте 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Африка құрлығының жеңімпазы (2016 жыл). 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2011 жыл, Лилль (Франция). «Diamond League» (Алмаз лигасы) 3000 метрге жүгіруден чемпион (2017 жыл, Осло (Норвегия).

(Жүлде алған Каролине Кипкируи).

Каролине Кипкируи болса 2011 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қола алған. Сол жылы өткен Африка чемпионатында жеңімпаз атанған (Ботсвана, 5000 метрге жүгіру). Ол да «Diamond League» қатысып, 2018 жылы Дохада (Катар) алтын медаль жеңген.

Дэйзи Джепкемей 2012 жылы Барселонада (Испания) 3000 метрге жүгіруден жастар арасындағы әлем чемпионы. Жасөсіпірімдер арасында күміс жүлдегер (2013 жыл, Донецк (Украина) және 2018 жылғы «Diamond League» жарысында қола алған (Шанхай, Қытай).

Шэдрак Коеч Кенияның бірнеше дүркін чемпионы. 2017 жылғы Ғұсман Қосанов турнирінде (Алматы, 2017 жыл, 5000 метрге жүгіру) жеңімпаз атанған.

Айте кетейік, кениялық атлеттер Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай. 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!