Түркістан облысының диханшылары рекорд жаңартты

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 2,9 миллион тонна өнім жиналған, деп жазады akparat.com тілшісі.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов:

«Масақты дәнді дақылдар егіс көлемі алдыңғы жылдан 22,8 мың гектарға артып – 227,4 мың гектарға, дәндік жүгері 6,6 мың гектарға артып – 43,9 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 7,5 мың гектарға артып – 114 мың гектарға, майлы дақылдар 93,3 мың гектарға, мақта дақылы 132,5 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 189,3 мың гектарға егілді.

2018 жылы ауа райының қуаңшылық болғанына қарамастан, дихандардың еселі еңбегінің арқасында масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,8 центнерден 405 мың тонна өнім жиналды. Жүгеріден әр гектардан 48,5 центнерден 213 мың тонна өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 47 мың тоннаға артты. Республикалық үлесі - 24%-ға жетті» деген мәлімдеме жасады.

2018 жылы Түркістан облысынан 2,9 миллион тонна өнім өндіріліп, 500 тоннаға жуығы Ресей, Беларусь, Латвия және Германияға, 1 миллион тоннасы Қазақстанның солтүстігіне жіберілген.

Осылайша, Түркістан облысының диханшылары рекордтық көрсеткіш көрсетті.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!