Қазақстандық футболшы Испания чемпионатына ауысты

Қазақстандық футболшы Димаш Қашкен Испания чемпионатына ауысты, деп хабарлайды akparat.com сайты.

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының капитаны Димаш Қашкен «Касабланка» командасына қабылданды. Испаниялық клуб 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер лигасында бақ сынайды.

Димаш Қашкен соңғы маусымда «Жетісу Б» командасымен Қазақстанның екінші лигасында өнер көрсеткен. Футболшы «Астанаға» тиесілі.

Одан бөлек, Қазақстан жасөсіпірімдер командасының капитаны. Президент кубогының жеңімпазы, «Гранаткин» турнирінің күміс жүлдегері.

(Димаш Қашкен «Атлетико» академиясында).

Айта кетерлік жағдай, Димаш Қашкен өткен маусымдадар мадридтік «Атлетиконың» академиясында футболмен айналысқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!