Құстардың ұйқы, су, тамақ, пана сияқты негізгі қажеттіліктерінен бөлек, қарымқатынас құруға, тілдесуге және ақыл қызметін ынталандыруға мұқтаж. Мұны тек үйрету мен ойындар ғана қамтамасыз ете алады.
Ғалымдардың анықтауы бойынша құстар өз мәселелерін интуитивті түрде шеше алады және балалар сияқты мысалдарға қарап үйрене алады.
Тотықұс ең ақылды құс болып саналады. Бұл құстарға заттарды, пішіндерді, түстерді, тіпті адамдарды ажыратуды үйретуге болады. Мәселен, африкалық сұр тотықұс өзінің эмоционалдық және интелекттік дамуы бойынша шамамен үш-төрт жасар балаға сәйкес келеді. Ал бұл тотықұстар дами алатын қабілеті болғандықтан, онда олардың аналитикалық қабілеттері де арта түседі.
Құстарға кейде таңқаларлық тапқырлық та тән. Еңбек құралдарын құстарда қолдана алады екен. Мысалы, кейбір жабайы құстар өтіп бара жатқан машиналар олардың қабықтарын шағуы үшін грек жаңғақтарын әдейі жолға қойғаны бақыланған.
Қолда өсірілетін авcтралиялық тотықұстар қасыну үшін жиі ағаш жаңқасын пайдаланады. Егер иелері тотыларының арқандарды, ойыншықтарды және сол сияқты заттарды пайдаланғанын көрсе, онда тотықұстың оларға ерекше қолданыс тапқанын байқайды.
Бұрын «сөйлейтін құстар» тек адамның сөзін қайталайды деп саналған. Алайда келесі ғылыми зерттеулер мұның жаңылыс екенін байқады.
Құстың жады
Қанаттылардың жады ерекше. Табиғи ортаны мекендейтін құстар мыңға жуық дәндерді бірнеше жүздеген шаршы шақырымға жасырып, кейін олардың 90%-нан артығын таба алады. Биологтардың ұйғаруы бойынша олардың миының бір бөлігі осы мақсатқа арналған. Тез үйретілетін тотықұстар адам тілін түсінеді және бөлек сөздерді айта алады.
Құстардың эмоциясы
Адамдар сияқты құстарда эмоцияларын білдіре алады. Ғалымдардың пікірі бойынша бұл үшін қажеттінің барлығы бар. Құстарда эмоцияға жауап беретін ми бөлігі – лимбикалық жүйе бар. Құстардан бөлек ол тек сүтқоректілерде ғана бар. Кез келген қанаттылардың иесі оп-оңай оның бақытты екендігін немесе қорқып тұрғанын аңғара алады. Қазіргі кезде ғалымдар құстар эмоциясын сезіне ме? және құстардың әрекетіне қалай әсер ететіндігін зерттеуде.
Құстар мен ойындар
Құстар ойындарды жақсы көреді. Алайда бұл жақсы көрудің себебі толық түсінікті емес. Мысалы, құстар ванна қабылдағанда балалар сияқты ойнап кетеді. Бұл инстинкттің әсері немесе басқа да себептер болуы мүмкін. Егер шомылумен тым болмағанда бәрі логикаға сай және заңды болып көрінсе, онда құстардың суға тастарды әдейі лақтырып, судың шалпылдағанына қарап тұратындығын түсіндіру қиын. Құстар неліктен домалайды? неліктен олар қар төбешіктерінде сырғанайды? және осы сияқты нәрселерді жасайды? Егер бұны адамдар істесе, бұл бір ауыздан жоғары интеллекттің сипаты ретінде бағаланар еді.
Құстар интелектуалды ойындарды жақсы көреді
Құсқа қызығушылардың пікірі бойынша бұл әрекеттердің көпшілігін құстар көңіл көтеру үшін жасайды. Оларға интелектуалдық қабілеттерін дамыта алатын ойыншықтар берсе, өзінің құс ретіндегі қызығушылығын қанағаттандыру үшін бірнеше сағат бойы зерттейді.
Зерттеулерде дәлелдегендей бұрынғы пікірге қарағанда құстар әлдеқайда ақылдырақ екендігін иелерінің көбі ғалымдар зерттегенге дейін байқаған.