«Жастар жылы» форумында не айтылды?

Астанада «Жастар жылының» ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды akparat.com сайты.

«Нұр әлем» павильонында президенттің қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты форум өтті. Айтулы шараға «100 жаңа есім» жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, халықаралық білім бәйгелерінде жеңімпаз атанған жас ғалымдар, спортшылар мен өнер саласының өкілдері қатысты. Мәселен, қытай ән байқауларының бірінде 2-орынға ие болып, бірнеше шет елдерде концертін берген әнші Димаш Құдайбергенов, 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көшбастаған Жансая Әбдімәлік пен жас бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы шара барысында төбе көрсетті.

Жастар тарапынан не айтылды?

Соңғы өзгерістерді ұтымды пайдаланған Абзал Мырзаш секілді жас өнертапқыштар жасаған дүниелерін көпшілік алдына шығарды. Ол – кирилилицамен жазылған кітаптарды латынға ауыстыратын бағдарлама ойлап тапқан.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ашылған «Ұлттық аударма бюросының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы жүзеге асып жатқан жұмыстармен бөлісті. Аталмыш қоғамдық қор «100 кітап» жобасы бойынша кітаптарды қазақ тіліне тәжімалаумен айналысады.

Тамара есімді қатысушы мүмкіндікті пайдаланып «Біз осы жылы Астана қаласына суыққа, желге төзімді алманың 4 түрін ексек пе деп отырмыз. Сол үшін сізден 1 гектар жер беруіңізді сұраймыз» деген сынды өтініштерін де айтып қалды.

Ал Моңғоляидан аттерлетіп келген Айшолпан Нұрғайыпқызы Елбасыны «Бай өлкеге қонаққа шақырды».

Түркістан облысынан келген Жазира Тұрғынова көпшіліктің көзайымына айналды. Жазира 27 жасында 7 баланың анасы атанған.

Әдебиет өкілдерінің арасынан сөз сөйлеген Мерей Қарт «Әдебиет академиясын» ашу жайлы ойымен бөлісті. Ақынның айтуы бойынша «Әдебиет академиясын» құру арқылы қазақ қаламгерлері әлем әдебиетімен бәсекелес бола алады».

Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.

 

 



 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!