Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын автожол ақылы болмақ

2019 жылдың 26-қаңтарынан бастап қалааралық және халықаралық 3 автожол жұмысын бастайды, деп жазады akparat.com сайты.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің ресми сайты 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902-904 бұйрықтары негізінде «Астана - Теміртау» (134 км), «Алматы - Қапшағай» (42 км), «Алматы-Хоргос» (295 км) автожолдарына 2019 жылы 26 қаңтар күні төлем алу жүйесі іске қосылатындығын хабарлауда.

Жеңіл көлік үшін төлем мөлшері:

Астана-Теміртау алдын-ала төлеу – 200 теңге; қолма-қол – 400 тңг.           

Алматы-Қапшағай алдын-ала төлеу– 100 тңг; қолма-қол – 200 тңг.

Алматы-Қорғас алдын-ала төлеу– 300 тңг; қолма-қол – 600 тңг.

Автожолда арнай бекеттер жұмыс істемек. Онда жүргізушілер қолма-қол төлем жүргізе алады. Сондай-ақ жүргізушілер:

1.PayWay.kz сервисі;

2.KazDriver мобильді қосымшасы;

3. Kaspi.kz интернет бөлімі;

4. Сбербанк интернет-банкингі;

5. АТФ Банкинтернет-банкингі;

6. HalykBankинтернет-банкингі;

7. Евразийский банкинтернет-банкингі;

8. Capital Bank интернет-банкингі;

9. Мобильді телефонның тікелей балансына (Kcell,Activ, Beeline, SMS, USSD,mobile App, Web- қосымшасы )

10. Дербес шотқа (шарт жасау жолымен заңды тұлғаға алдын ала төлемақы аудару);

11.QIWI терминалы, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay,Salempay;

12. Май құю картасы E100 арқылы алдын ала төлем жүргізе алады.

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметтерінің; әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;

2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар және багажды тұрақты тасымалдайтын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін төлемнен босатылады.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!