Ақыл

Жетісу жерінде өмір сүрген Шоқан Уәлихановтың туысы әрі қайын атасы Тезек төре бір отырыста Бөлтірік шешенге:

- «Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады?». «Қайтпайтын, талмайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады?». «Жарығы тұтас түгел елге түскен қасиетті шырақ қандай болады?». «Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады?» - деп сұрақ қояды.

(Көрнекі фотосурет).

Сонда Бөлтірік шешен:

«Дүниеде азбайтын, тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Дүниеде таймайтын адал қорғаушың бар, ол – ақыл. Тағы да қайтпайтын қолдаушың бар, ол – ақыл. Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде ердің басына қонатын бақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде елдің басына қоятын тақ біреу, ол – ақылАқылсыз басқа қонса, бақ баянсыз, нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз!» - деп жауап беріпті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!