Құрма мәйегінің қызғылт сары түсі оның құрамындағы бетакаротин мөлшерінің көп екендігін білдіреді. Бұл зат А дәруменінің туындысы, көру қабілетін нығайтады, өкпе мен бронх жасушаларын жаңаландырады. Құрмамен жасалған сүтті коктейль жөтелді жібітуге көмектеседі. (жарты литр сүт пен екі жұмсақ жеміс). Құрмада сонымен қатар никотин қышқылы көп (РР дәрумені). Ол шаршағандықты басуға көмектеседі және біздің табиғи антидепрессант – серотонин гормонының түзілуіне қатысады.
Алайда құрманың басты артықшылығы – құрамындағы өсімдік қанттары. Ол жүрекке пайдалы және адам одан толмайды. Мюнхен қаласындағы университет ғалымдары келесі нәрсені анықтады: құрма гипертонияның бастапқы сатысында қысымды дәрідәрмексіз қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ол үшін күніне 2-3 дана құрма жеу жеткілікті.
Анарды жеу немесе шырынын ішу – суық тию мен тұмаудан кейінгі қан тазалаудың тамаша әдісі. Оның құрамында қызыл қан түйіршіктері – эритроциттердің түзілуіне көмектесетін ферменттер бар. Анардың құрамында төрт маңызды дәрумен бар: С – иммунитетті, Р - тамырларды, B6 – жүйке жүйесін нығайтады, aл B12 қан формуласын жақсартады. Анардың тұтқырлағыш заттары бронхит кезіндегі жөтелге көмектеседі, сонымен қатар ұйқы безінің жұмысын жақсартады. Анар шырынын таза күйде ішуге қарсы көрсетілімдер бар.
Алма
Антоновканың (алманың күзгі сұрыпы) тұнбасынан жасалған шәй ішсеңіз, таңғы суықта ағза тезірек оянады. Пісірілген алма асқазан жұмысын жақсартады. Алма шырыны зат алмасуды жақсартады. Жасыл алмалардың қышқыл-тәтті сұрыптарының құрамында темір өтекөп болады. Бұл микроэлемент қанүшін маңызды, шаршағандық, қан аздықпен күреседі. «Қысқы» алмалардың дәнінде йод көп болады: 5-6 алма дәндері тәуліктік қажеттілікті өтейді. Йод суыққа деген аса сезімталдықты жеңуге көмектеседі. Антоновкаалмасынқысқы дәрумен жетіспеушіліккеқолданады:көктемге қарай онда С дәруменінің 90%-ы сақталса, ал басқа жемістерде оның құрамы 40- 30%-ға дейін төмендейді.
Ғалымдар жидектер арасындағы «қар ханшайымы» деп атайды. Бұл заңда да, егер оны аязда қалдырса, бұл жидекте С дәрумені тек одан әрі көбейе түседі. Сол себепті ол мұздатылған түрінде ешбір пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Мүкжидектің құрамында нағыз антибиотиктер сияқты әсер ететін қышқылдар анықталған. Мүкжидек шырыны бүйрек қабынуымен күресуге, тұмаудан кейін тезірек жазылуға көмектеседі. Жібітіп әзірленген мүкжидек дене қызуын басады. Сондықтан суық тию кезінде тоңазытқышта мұздатылған мүкжидектің болғаны жақсы. Аскорбиннен бөлек, оның құрамында жүрекке қажет калий көп, иммунитетке қажетті Н дәрумені, бұлшық етке тонус беретін және сүйек пен тістерге беріктік беретін фосфорда бар.