Антарктида Жердің оңтүстігінде орналасқан. Антарктиданың орталығы мен Оңтүстік полюс іс жүзінде сәйкес келеді. Материк туралы тағы не білу керек? Бәлкім, оның ауданы 14 107 000 км дейін жететіндігін бе? Ол үш мұхиттың суымен ұласады: Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары. Бұл қар шөлінің құпиялары қандай? Бар болғаны төрт элементі бар материк өзінің құпия жұмбағының байлығымен таң қалдырады. Міне солардың бірнешеуі.
Поляр аюлары Антарктидада? Бұл мүкін емес!
Басым көпшілігіміз ақ аюлар Антарктидада өмір сүреді деп ойлаймыз. Шындығында онда бірде-бір ақ аю. Оның көп бөлігіне пингвиндер қоныстанған.
Антарктидадағы өзендер
Бұл ойдан шығарылған жоқ. Оникс - бұл антарктикалық жылына екі ай жаз кезінде ағатын өзен. Оникстың ұзындығы - 40 километр.
Антарктида – жер бетіндегі ең құрғақ жер
Сену қиын, алайда бұл расымен солай. Бұл материкке қарағанда, әлемдегі ең ыстық шөлді жерлерге жауын-шашын көбірек түседі. 10 сантиметр жауын-шашын бұл орташа жылдық көрсеткіш.
Адамы жоқ жер
Еуразияның халқы 4,8 миллиард адамды құрайды, Африка шамамен 1 миллиард, ал Антарктидаүшінқандай да бір санды бізайтаалмаймыз. Өйткені онда тұрғылықты халық жоқ, тек ғалымдар, зерттеушілер және туристтер бар.
Иесі кім?
Ешкім! Көз алдыңа елестетші, ешкімге тиесілі емес Жер бетінде 14 миллионнан астам шаршы шақырым жер бар. Ал талапкерлер көп болған. Бүгінде Антарктида ешбір мемлекеттің үкіметімен басқарылмайтын Жер бетіндегі жалғыз аймақ статусына ие.
Метеориттер қоймасы
Бұл материкке түсетін метеориттер өте жақсы сақталады. Мысалы, Марстан түскен метеорит сақтала және зерттеліне алды.
Ең үлкен мұз
Шын мәнісінде бұл В-15 атты айсберг. Оның ұзындығы-295 километр, ені-шамамен 37 километр. Ауданы бойынша Ямайка аралынан аздап үлкен. Оның салмағы 3 миллиард тоннаны құрайды.
Сағат қанша? Ал саған қандайы керек?
Бұл әзіл емес, Антарктида да әркім өз уақытымен жүреді (өз елінің). Себебі мұнда сағат белдеулері бірігіп қосылатындықтан, олардың барлығын бірнеше секундта өту – әбден мүмкін!
Антарктида – императорлық жер
Антарктидада сен нағыз пингвиндердің императорлық отбасының өкілдерін кездестіре аласың. Императорлық пингвиндер тек осында ғана тіршілік етеді. Олардан бөлек мұнда осы жануарлардың 5 түрі мекендейді. Пингвиндер айтарлықтай жылы шырайлы болғандықтан, тағы да бір жаратылыс – қанатсыз шіркеймен (Belgica antarctica) аумақты бөлісуге қарсы емес. Өте қатал антарктикалық климат оған ұшуға мүмкіндік бермейді.