23 қаңтар – қолтаңба күні
Әлем 23-қаңтарда қолтаңба күнін, яғни, қол жазуы (National Handwriting Day) күнін атап өтеді. Бұл күннің мақсаты – қол жазуының бірегейлігін еске салу, тәжірибеден өткізудің маңыздылығын түсіндіру, әрбір адамның қолтаңбасы қайталанбас құбылыс екендігін тағы да бір рет дәлелдеу.
26 қаңтар – кеденшілердің халықаралық күні
1953 жылғы қаңтардың 26-ында Брюсселльде кедендік ынтымақтастық кеңесінің бірінші сессиясы өтіп, 30 жылдан кейін, 1983 жылы нақ осы күн кеденшілердің халықаралық күні жыл сайын атап өтілетін мейрам болып таңдалды.
Кеденшілердің халықаралық күні ғаламшардағы кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастығына себепші болып қана қоймай, қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуында кеден қызметінің маңыздылығына назар аударту болып табылады.
28 қаңтар – ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні
1968 жылы БҰҰ-ы ядролық қаруды таратпау жөнінде келісім дайындайды. 1990 жылдардың орта шенінде бұл келісімді 5 мемлекет ратификациялайды, кейін оған 181 мемлекет қол қояды. Қол қоймаған 13 мемлекеттің ішінде Израиль, Индия, Пәкістан мен Бразилия бар. Ядролық қаруға барлық мемлекеттерде тиым салынған. Бірақ 5 мемлекетте бұл қару әлі де бар, олар: Ұлыбритания, ҚХР, Ресей, АҚШ пен Франция.
1995 жылы бұл келісім белгісіз мерзімге ұзартылды.