Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп жазады akparat.com тілшісі.
Қаңтар айында Сомбор (Сербия) қаласында «Nations Cup-2019» халықаралық жарысы өтті. 20 мемлекеттен жиналған 170 былғары қолғап шебері жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді: ересектер, жастар және жасөспірімдер. Нәтижесінде Қазақстан құрама командасы 11 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға табан тіреді.
(Суретте бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы).
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көрсеткіші:
Алтын медаль: Ересектер құрамасы: Алуа Балқыбекова (48 келіде), Ангелина Лукас (51 ), Дина Жоламан (54), Римма Волосенко (60), Ләззат Күнгейбаева (+ 81);
Жастар құрамасы: Мария Гладкова (57), Анель Сакиш (51), Анель Құдайберген (48 кг);
Жасөспірімдер құрамасы: Жібек Жарасқызы (66), Айжарық Шерихан (70), Ксения Древал (+80).
(51 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық финалда жолықты: Ангелина Лукас (қызыл) және Назым Қызайбай (көк).
Күміс медаль: Ересектер құрамасы: Назым Қызайбай (51);
Жастар құрамасы: Еркежан Дәулетжанқызы (57), Мөлдір Тоикова (54), Ұлжанай Мамутова (64);
Жасөспірімдер құрамасы: Сымбат Алиасқар (46), Гүлнар Тұрапбай (52), Валерия Семенова (70), Назерке Серік (57).
Қола медаль: Ересектер құрамасы: Әлия Әбдірайымова (64), Ақерке Бақытжан (69), Баян Ақбаева (69), Аида Оңдаш (75), Мөлдір Базарбаева (- 81);
Жастар құрамасы: Гүлсая Еріпжан (81);
Жасөспірімдер құрамасы: Талшын Тосбай (60), Камиля Ахмет (52), Айдын Теміржан (57).
Ересектер арасында бақ сынаған Римма Волосенко (60 келіде) алтын жүлдемен қоса «Турнирдің үздік боксшысы» атағын жеңіп алды.
Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.