Соңғы үш айда Қазақстанда қызылшаны жұқтырғандар саны 900 адамнан асты, ал оның ішінде басым бөлігі, яғни 80 пайызы дерлік кішкентай балалар. Ауруға шалдыққандардың көбі екпе алмаған жасөспірімдер. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мырзаның мәлімдеуі бойынша қазіргі таңда әлемде 300 мыңнан астам қызылша ауруы тіркелген. Ал Еуропа елдерінде қызылшаны жұқтырғанар саны 70 мыңнан асатыны, оның ішінде ең көп Украинада тіркелген 40 мыңнан астам, Сербияда 5 мың, Францияда 2771, Италияда 2599, Ресейде 2327, Тайландта 2149, Грузияда 1471, Қырғызстанда 448 және т.б. Қызылшада көз жұмғандар саны 68 адамды құрады. Осы орайда бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аурудың алдын алу керектігіне тоқталып, екпе алмаған балаларды адамдар көп шоғырланатын жерлерге апармауға кеңес беріп, екпе алмағандардың уақытылы екпе алуларын ескертті.
Қысқаша айта өтейік қызылша – вирусты инфекциялық ауру. Ауа-тамшылы жолмен жұғады.
Қызылшаның белгілері: Бұл кесел дене қызуының (38-40 градус) көтерілуі, әлсіздік, жөтел, тұмау, көздің қызаруы және ең маңызды белгісі ауыз қуысында, сосын денеде қызыл дақтардың пайда болуынан аңғарылады.