Маккедонияның мәжілісі елдің атауын «Солтүстік Македония Республикасы» деп өзгертілуін құптайтын заңнаманы қолдады. Бұл өзгеріс ел президенті Георгий Ивановтың құптауынан соң ресми түрде жүзеге асатын болады.
Өзгеріс себебі?
Әу баста көптеген елдер Македонияның конституциялық атауын ресим түрде танығанымен Грекия мемлекеті өз шекарасында «Македония» атауымен аталатын аймағы бар екендігін алға тартып, бұл есімді өзгертуін талап еткен болатын. Македония тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бері оңтүстіктегі көршісі Грекиямен жалғасып келе жатқан атауға байланысты келіспеушіліктері себепті Еуро Одаққа және НАТО-ға мүше бола алмауда еді. Грекия елінің осы наразылығына байланысты Македония республикасы 1993 жылы БҰҰ-ға бұрынғы Югославияның Македония Республикасы болып қабылданған болатын.