Қазақта «әдепті бала – арлы бала» деген мақал бар. Демек әдептілік бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалардың бірі.
Әдептілік – тәрбие деген сөзге саяды. Мәдениетті өркениеттің қалыптасуындағы алғышарттардың бірі іспеттес.
Әдептілік жайында ізденіп көрген akparat.com тілшісі бірнеше кеңестер мен негізгі қағидаларды назарларыңызға ұсынады.
Өнерді тамашалауға барғанда, яғни театр секілді орындарда өзге көрермендерге кедергі келтірмес үшін танысыңызбен бас изеп, сәл күлімдіреудің өзі жеткілікті.
Көпшілік ортада сол ортаға тән киім кию маңызды. Одан бөлек көшеде қоқыс тастамай, кезекте тұрған сәтте сабырлық танытып, дауыс ырғағын да бәсеңдеткен жөн.
Әдептілікке үстел үстінде дұрыс отыру да жатады. Егер бір кісі сөз алып, сөйлей бастаса артық дыбыс шығармай, мұқият тыңдауға тырыс. Тамақ ішкен кезде ұқыптылықпен ас үшкен абзал. Қомағай болып, сараңдық танытпаңыз. Жүріс-тұрысыңа ерекше мән бер. Қолды қалтаға салып жүруді әдетке айналдырма.
Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.