Француз Килиан Мбаппе ең қымбат футболшы атанды, деп жазады akparat.com сайты Халықаралық спорттық зерттеу орталығының (CIES) ресми сайтына сілтеме жасап.
CIES ПСЖ шабуылшысын 218.5 миллион еуроға бағалаған. Екінші орынға «Тоттенхэм» өкілі Харри Кейн (Англия) (200.3 миллион еуро) орналасқан. Үздік үштікті тағы бір ПСЖ шабуылшысы Неймар (Бразилия)(197.1 миллион еуро) түйіндеді.
Бір қызығы, CIES ұсынған тізімге 2018 жылдың үздік ойыншысы Лука Модрич енбеген. Ал соңғы он жыл көлемінде «Алтын доп» сыйлығын кезек қанжығалап келген Роналду мен Месси үздік бестікке де кірмеген. Лионель Месси («Барселона», Аргентина) 7-орында (171.2 миллион еуро), ал Криштинау Роналду («Ювентус», Португалия) (127.2 миллион еуро) бар болғаны 19-ыншы сатыға табан тіреген.
Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.