«National Geographic» – жануарлар өмірімен тыныстап, өзге материктерде орын тепкен түрлі ұлт өкілдеріне саяхат жасайды. Осыған орай akparat.com сайтының редакция «National Geographic-тің» фото-тілшілері түсірген 2018 жылдың үздік фото сурттер топтамасын ұсынады.
Фотода гепард қарақұйрықтың төлін қууда. Қарақұйрық жас болғанына қарамастан шапшаңдық танытуда.
Суретті түсірген: Thomas Vijayan.
Суретте Неаплды мекендейтін рауте тайпасының әйел адамы түсірілген. Раутеліктер Неаплдің батысын мекендейді. Олар көшпелі өмірді ұстанады.
Суретті түсірген: Mattia Passarini.
Қара аққу. Кей деректерге сүйенсек қара аққу Батыс Австралияның басты символы екен.
Суретті түсірген: Istvan Ladanyi.
Торнадо. Жолындағысын қиратып өтетін үлкен құйың. Фотоны түсірген тілішінің жанкештіліген таң қаласыз.
Суретті түсірген: Francis Lavigne-Theriault.
Йосемити ұлттық паркіндегі экстримал. 2010 жылы Йосемити ұлттық паркіндегі «Эль-Капитано» шыңын Дин Поттер бағындырған болатын.
Суретті түсірген: Abhishek Sabharwal.
Салт атты моңғол. Атқа міңгескен азият құйғытып шауып келеді.
Суретті түсірген: Ge Xiao.
Дайындаған: Ильяс Сәрсенбай.