Орта ғасырларда керуен жолы қарқын алып, әлемдік өркениет бір-бірімен тоғысып, өнер мен мәдениет қарқынды дамыды. Осындай әлемдік өзгеріске шығыс пен батысты жалғаған Ұлы Жібек жолы мұрындық болды. Бертінкеле жүк тасығыш алып кемелер іске қосылып, керуен жолдарын қолданыстан шығып қалды. Бұған себеп: көк теңіздің ортасында үлкен көлемді жүктерді тиеп, діттеген жерге жылдам жеткізетін су жолы тиімді жұмыс жасады. Дегенмен заман дамып, техниканың шырқау шегіне жеткен тұста су жолы да екінші сатыға сырғып түсті. Қазіргі таңда ең жылдам және қауіпсіз қатынас көлігі – ұшақ болып саналады. Осы ретте akparat.com сайты оқырманға әлемдегі ең үлкен әрі қауіпсіз әуе компаниялардың үштігін ұсынады.
Әлемдік әуе қатынасында «Emirates» компаниясы көш бастап тұр. 1985 жылы құрылған корпарация БАӘ ағылып келетін туристерге сапалы қызмет көрсетуде. Дубай қаласының әлемдік туризм саласының көш басында болуына өзіндік ықпалы бар.
«Emirates» әуе компаниясы негізінен «Airbus» және «Boeing» ұшақтарымен қамтамасыз етілген. Ұшақтар Лондон, Нью-Йорк, Мәскеу, Сидней секілді ірі қалаларға жолаушы тасыйды.
Екінші сатыға тағы бір араб компаниясы жайғасты. Катардың ұлттық әуе компаниясы «Qatar Airways-та» 80-нен астам халықаралық бағыттар бойынша рейстер бар.
2017 жылғы деректерге сүйенсек «Qatar Airways-та» 43 000-нан астам жұмыс күші бар.
6 материктен бөлек (Африка, Азия, Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Австралия) Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея секілді мұхитта орналасқан елдерге де ұшықтар ұшады.
Еуропаның алдыңғы қатарлы әуе тасымалдаушысы «British Airways» үшінші орынға жайғасты.
British Airways – Ұлыбританияның ұлттық әуе компаниясы. Ірге тасы 1974 жылы қаланған. Тәуелді компанияларды қоспағанда әуе паркінің саны 229-ды құрайды.
Әуе компаниясы 2008 жылы «OpenSkies» (Британ әуе жолдары) деп аталатын компанияға біріктірілді. 1974 жылдан 2008 жылға дейінгі санақ бойынша 35 миллион 700 мың жолаушыны тасымалдаған екен.
Авторы: Ильяс Сәрсенбай.