Бақыт мекені қандай болады екен деп ойланып кеткен боларсыз? Сіз ойлаған бақыт мекені басқа, біз айтқалы отырған бақыт мекені басқа болуы мүмкін. Себебі instagram әлеуметтік желісі 2018 жылдың бақыт мекенін ерекше жолмен анықтапты. Әлеуметтік желінің ресми сайты хабарлағандай, бақыт мекені бақыт белгісі болып саналатын смайликтер саны бойынша іріктелген. Анығын айтсақ, instagram геолокациясы бойынша ең көп бақыт смайлигін Токиодағы Диснейлендте жүрген қолданушылар пайдаланған. Сондай-ақ осында түскен суреттерге ең көп смайлик қойылған. Сарапшылар бақытты мекеннен өзге ең танымал хештегтер тізімін де жариялады. Олардың ішінде #metoo, #timesup және #marchforourlives хештегтері көш бастаған.
Дереккөз: Massaget.kz