Өсу мен даму

Адам баласының денесі үнемі өсіп, жетіліп отырады. Жатырдан бастап дүниеге келгенше және 20 жасқа дейін өседі.

Бастапқыда сәбидің басы денесінен үлкен болады. Жеті жасқа толғанда кеудесі мен аяғы ұзарады. Ересек адамның аяғы ұзін болып, басы денесіне қарағанда кішірек болады.

Дене бітімі

Жыл сайын адам баласы 6 см-ге өсіп отырады. Денедегі кейбір сүйектер басқа сүйектерге қарағанда жылдам өседі. Бұл – адам баласының өскен сайын дене бітімінің де өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді. Адам өскен сайын сүйектері де өсіп отырады.

Үйрену қасиеті

Нәресте ешнәрсе білмей туылады. Бірте-бірте өмірге үйреніп, кейін бұлшықеттерін қолданып, отырып-тұруды үйренеді. Екі жасқа толғанға дейін ижүруді, сөйлеуді үйренеді. Өсе келе қиын іс-қимылдарды жасауды үйренеді. Мысалы, қолмен тұру, сальто жасау секілді.

Өсе келе

10-18 жас аралығында адам денесі қатты өзгеріске ұшырайды. Себебі бұл аралықтиа жыныстық жағынан жетіліп, ересек адамдар қатарына қосылады.

Ер бала мен қыз баланың дене бітімі бір-біріне ұқсамай өседі. Ер баланың беінде сақал-мұрт пайда болады. Дауысы жуандап, иығы мен кеудесі кеңейе түседі.

Қыз баланың кеудесі өседі. Жамбас сүйегі кеңейе түседі.

Қартаю

Адам қартайғанда бұлшықеттері мен сүйектері кішірейіп, әлсіз, тез шаршай беретін болады. Қартайған адамның шашы ағарып, терісіне әжім түсе бастайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!