Хакерлік, покер ойыны һәм 20 миллион доллор

Адамның дамуы пен мәдениеттің қалыптасуына мыңдаған ғасырлар кетті. Миллиондаған жылдардан тұратын аралық пен соңғы 30 жылды салыстырғанда – адамға соңғысы тиімді болған. Ширек ғасырдан астам уақыт аралығында адам баласы қарқынды дамып отырғаны анық. Сондықтан «ХХІ ғасыр – техниканың дәуірі» деген тіркес пайда болды. Ал осы тұжырымның қалыптасуына Билл Гейтс, Стив Джобс секілді әлемді өзгерткен тұлғалар себепкер. Akparat.com сайты Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс жайлы қызықты ақпарат пен миллиардер ұсынған кітаптары тізімін ұсынады.

Билл Гейтс жайлы қызықты ақпараттар:

Биллдің компьютерге деген қызығушылығы мектеп кезеңінен бастап қалыптасқан. Бірде бір топ сыныптастарымен мектеп компьютерін бұзып, хакерлік іспен де айналысқан.

Ол алғашқы табысын оқушы шағында тапқан. Сабақ кестесінің электронды нұсқасын жасап, мектеп басшылығына 4200 АҚШ долларына сатқан.

Емтиханда жоғарғы балл жинап (1600 ұпайдың 1590-ын жинаған) Гарвард университетіне түскен. Дегенмен дәріс тыңдау оны жалықтырып, оқуды тастап кеткен. Содан соң компьютерлік программаларды жасай жүріп, покер ойынымен де әуестенген.

Университетте сабақ беретін профессорлардың біріне «30 жасында миллионер болатындығын» айтқан. Билл Гейтс 31 жасында миллиардер атанып үлгерді.

Егер Билл Гейтс басқаратын Microsoft компаниясын бүтін мемлекет ретінде қарасақ, онда ол ұйым табысы жөнінен әлемдегі 37-ел болатын еді.

Кей күндері Гейтстің күндік табысы 20 миллион АҚШ долларына дейін жетеді.

Билл Гейтс оқуға кеңес берген кітаптар тізімі

«Жақсы идеялар қайдан алынады» (Авторы: Стивен Джонсон).

«Ай астында Эйнштейнмен серуен: өнер мен ғылым бәрін есте ұстайды» (Джошуа Фоер).

 «Әлемдегі ең мықты идея» (Уильям Розен).

Авторы: Ильяс Сәрсенбай. 


 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!