Қажетті заттар: Маргарин – 200 гр, Сұйық май – 100 гр, Қант – 200 гр, Жұмыртқа – 1 дана, Қаймақ (немесе айран) – 2 ас қасық, Разрихитель – 1 пачка.
Дайындау әдісі: Осы заттардың барлығын араластырып, ұн қосып қолға жабыспайтындай болғанша илейміз. Пеш табасына май жағып, қамырды бір тегіс етіп саламыз. Және осы қамырдан жұдырықтай бөлігін алып қалып, оған ұн қосып қатты етіп илейміз. 3 дана алманы үккішден өткізіп қант қосып пісіреміз.Осы піскен алманы (джемді) табақшадағы қамыр бетіне бір келкі етіп жағамыз. Содан соң бетіне қатты етіп иленген қамыр бөлігін үккіштен өткізіп себеміз. Пешке салып, 200 С (градуста) пісіреміз (шамамен 20-30 минут).