Нанына (қамырына) қажетті заттар: 4 стакан ұн, 250 гр маргарин, 1 стакан айран, жарты шай қасығы ас содасы (уксуспен сөндіру қажет), 4 шт жұмыртқаның сарысы (желток).
Салындысына (начинка) керек заттар: 4 стакан шағылған жаңғақ, 200 гр миіз (изюм), 200 гр шекер, 6 шт жұмыртқаның ағы (қалатын 2 шт жұмыртқаның сарысы қамырдың бетіне жағылады),
Дайындалуы: Маргаринді ерітіп, жоғарыда аталған қоспаларды араластырып қамырын илеп, жарты сағатқа бұқтырып қою керек. Салындысын дайындау үшін жұмыртқа ақтарын миксермен араластырып, шекер қосып тағы араластырып аппақ крем халіне келтіру керек. Жаңғақтарды блендермен (немесе пышақпен) ұсақ бөлшектерге бөлу керек. Жаңғақтарды, миізді жұмыртқа креміне араластырамыз, сонымен салындымыз дайын болады. Қамырды үш бөлікке бөліп оқтаумен жаю керек. Алдымен жайылған қамырдың біреуін пешке (духовкаға) пісіріп аламыз. Кейін қамырдың бір бөлігін табаға салып үстіне салындының (начинканың) жартысын біркелкі етіп жағып шығамыз. Оның үстіне піскен бөлікті қойып оның үстіне салындының қалған жартысын жайып шығамыз және қамырдың үшінші бөлігімен бетін жабамыз. Бетіне қалған 2 жұмыртқаның сарысын жағып шығамыз. Осы шикі күйінде пышақты сулап ромбиктерге бөліп шығу керек. Әрбір ромбиктердің бетіне жаңғақ жартысын қойып сәндеуге де болады. 200 гр температурада 30-40 минут пісіріледі. Осымен пахлаваңыз дайын! Ас болсын!!!
Қосымша мәлімет: Талғамыңызға қарай миізді көбірек немесе азырақ салуға немесе мүлдем салмауға да болады. Сондай-ақ 100 грамм кураганы турап қосуға болады. Денсаулық тұрғысынан маргариннің орнына арзанырақ сары май қолдану пайдалырақ болады.