Қажетті заттар: 1 кг асқабақ, 850 гр шекер, 1 лимон, 1 апельсин.
Дайындалуы: Асқабақты қабығынан және дәндерінен тазалап төртбұрыш етіп тураймыз. Лимонды қабығымен бірге майдалап тураймыз, дәндерін алып тастаған жақсы. Апельсинді қабығын ашып майдалап тураймыз, дәндерін алып тастаймыз. Барлығын араластырып бетіне шекерді сеуіп ерігенге дейін қоямыз. Бір түнге қойса да болады. Кейін пешке қойып қайнатамыз, шамамен 30-40 мин. Одан кейін стерильденген банкаларға жауып, 10-12 сағ шамасында орап қоямыз.
Ескерту: Бұл нұсқада асқабақ бөліктері төртбұрыш (бүтін) күйінде қалады. Егер пюре болатындай майда болуын қаласаңыз барлығын шеккіштен өткізіп қайнатуға болады. Қыстың соңында тосаптардың запасы азайған шақта дайындауға болатын қол жетімді әрі құнарлы, пайдалы азық түрі. Асқабақ екендігі байқалмайды дерлік дәмді тосап болып шығады.