Леонардо Да Винчи

Леонардо Да Винчи өз заманының ірі тарихы тұлғаларының бірі. Ол ортағасырлық сәулет, өнер, адам анатомиясы, музыка өнері бойынша керемет туындылардың авторы. Осы ретте akparat.com сайты Леонардо Да Винчи жайлы қызықты мәліметтер ұсынады.

Италиялық данышпан «Мен дыбыс шығармастан тар және бұралаң жерасты жолдарын салу әдістерін білемін. Түрлі зеңбіректер жасай аламын.  Оқ теспейтін киімдер, жарылғыш заттардың, түтін шығармайтын құралдардың жасалу жолын білемін. Сәулетші ретінде үй салу, су құбырларын жасау кезінде пайдам тиеріне сенімдімін» деген екен. Осылай Да Винчи Милан көшелеріндегі су құбырларын жасаған көрінеді.

Бірде әкесі дөңгелек қалқан алып келіп, оны бедерлеп, әшекейлермен көмкеріп беруін сұрайды. Сонда бала Леонардо шегіртке, жылан, көбелектер мен теңіз шаяндарына қарап отырып, ерекше бейнелерді бейнелейді. Құз-жартастарға өрмелеп бара жатқан алуан құбыжықтарға ұқсас дүние жасайды. Дайын болған туындыны көрген әкесі суреттерден үрейленіп, шегіншектей берген екен. Кейін бұл қалқан үшін миландық бір герцог көп ақша төлеген көрінеді.  

(Леонардо Да Винчидің сызбаларынан)

Данышпан өнерден бөлек медицинаға, соның ішінде адамның ішкі құрылысына ерекше қызығушылық танытқан. Ол мәйіттерге ота жасап, марқұмның өлу себебін анықтап көрген.

Авторы: Ильяс Сәрсенбай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!