Жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Қазіргі таңда саяхатқа шығу сәнге айналғандай. Жастар жағы ел көріп, жер кезіп жеке көзқарастарын қалыптастыруда. Жаңа ел, өзгеше орта, таңсық мәдениет мұның барлығы адамға оң әсерін беретіндігі даусыз.

Саяхат жасау – шытырманға толы қызықты күндер. Ал қыдырған кезде жалғыз жүрсең, тіптен керемет. Бастысы қауіпсіз әрі қолайлы ел таңдасаңыз болғаны. Ендеше akparat.com сайты жалғыз саяхаттауға ең қауіпсіз ТОП-3 елді ұсынады.

Дания. Дания астанасы Копенгаген Еуропадағы ең қауіпсіз әрі тыныш қалалардың бірі. Мұндағы қауіпсіздік шкаласы теңертең - 5, кешқұрым - 4 баллды құрайды. 

Копенгагенде ұрлық, кемсіту, үй және мүлік тонау минималды деңгейде. Аталмыш қауіпсіздік көрсеткіші өзге қалаларда да сақталған. 

Кипр. Туризм саласы бір жолға қойылып, туристтер ағылатын елдердің бірі - Кипр. Кішкене ғана арал мемлекет көптеген туристтік орындар салып, саяхатшылардың жоғарғы деңгейде демалуына барлық мүмкіндікті жасауда. Сонымен қатар, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жайлы демалу үшін барын жасайды. Егер шиһанкездік сапарға жалғыз шығар болсаңыз - Кипрді бетке алаңыз. 

Сингапур. Сингапур - қала-мемлекет. Яғни, аумағы бір ғана қаладан тұрады.

Сингапурда заң бірінші орында. Жергілікті халыққа да, келушілерге де заң бірдей жағдай жасалған. Демек, сіздің құқықтарыңыз аяққа тапталмайды, барлық арыз-шағымдарыңызды емін-еркін жеткізе аласыз. 

                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!