Астанада айтыскер ақындардың аламаны өтпек

Елордада айтыскер ақындар арасындағы VII «Алтын домбыра» аламаны өтеді, деп жазады akparat.com сайты.

Аталмыш шара Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мерекесіне арналмақ.

Айтыс алдында Жүрсін Ерман мен Дәулеткерей Кәпұлы, Аманжол Әлтаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан секілді бір топ ақындармен баспасөз жиыны өтті.

 «Алтын домбыра» байқауы жайлы Жүрсін Ерман:

«Ақынның сөзін түсіне білетін халықпыз. Ақындар тәуелсіздік пен елорданы жырға қосумен қатар, «Ұлы даланың жеті қырын» да қамтиды. Сөз сайысына қазылар алқасын тағайындарда айтысты тереңірек білетіндерді таңдадық. Көпшілігі айтыстың байыбына бармай, «анау неге бәйге алмады» дегенді айтады. Бұл – қате пікір. Алдымен жыр додасына келіп, шамасын байқасын. «Айтыстың ақтаңгері» деген жыл сайын беретін дәстүрлі марапатымыз бар. Биыл сол атақты «Алтын домбыра» аламанында табыстамақпыз. Айтысты Qazaqstan ұлттық телеарнасы түсіріп, жаңа жыл қарсаңында эфирден береді деген үміттеміз», – деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!