«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Кака мен қақпашысы Игита жүлдеден үмітті, деп хабарлайды akparat.com сайты.
«Қайраттың» жаттықтырушысы Кака – әлемнің үздік бапкері, ал ұлттық құрама мүшесі Игита – үздік қақпашы атағына таласатын болады.
Аталмыш жүлде үшін бразилиялық маманға Хесус Веласко («Интер Мовистар» (Испания), Нуно Диас («Спортинг», Португалия), Тино Перес («Унигросс», Италия) қарсылас атанды.
Ал 2015, 2016 жылдары әлемдегі ең үздік қақпашысы атағын иеленген отандасымыз Игита атақты Миодраг Аксентьевич (Сербия, «Тюмень»), Гуитта (Бразилия, «Спортинг»), Фернандо Лопес Перейра «Карека» (Бразилия, «Атлантико Эреким»), Хесус Эрреро (Испания, «Интер»), Михал Калуза (Польша, «Рекорд»), Стефано Маммарелла (Италия, «Аква Сапоне»), Алиреза Самими (Иран, «Мес Сунгун»), Георгий Замтарадзе (Россия, КПРФ), Хо Ван Я (Вьетнам, «Тай Сон Нам») секілді спортшылармен сарапқа салады.